ҚР ҰҚК Пәкістаннан келген студенттер Бішкектегі оқиғадан кейін Қазақстанмен шекарадан өткісі келетіні туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, – деп жазады Aikyn.kz.
– Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін Қырғызстаннан Қазақстанға өткісі келетін пәкістандық студенттер жайлы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды, – делінген хабарламада.
Бішкекте 300-ге жуық жас жігіт жаппай төбелестен кейін шетелдіктерден кек алу үшін көшеге шығып, тәртіпсіздік жасаған. Бұған жауап ретінде қала милициясы барлық жеке құрамды жауынгерлік дайындық жағдайына келтірді.
Оқиға 7 сәуір мен Огонбаев көшелерінің қиылысында болды. Жиналған жас жігіттер шетелдіктермен төбелесіп қалған, бұл құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласқан.
Құқық қорғаушылар кордон қойып, ашынған топты тоқтатуға тырысқан.
Бірнеше рет адамдар кордонды бұзуға тырысты, бірақ тәртіп сақшылары оларды ұстап алып, 10-ға жуық адамды қамауға алды. Оқиға салдарынан шетелдіктердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соғу фактісі бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды.
Осы оқиғадан кейін Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Қамшыбек Тәшиев құқық қорғау органдары Қырғызстанда заңсыз жүрген шетелдіктерді жаппай тексеруді бастағанын айтты. Олар депортацияланады.