«Қазгидромет» еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 19 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Ұржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың орталығында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудындарында найзағай, ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады.
Алматыда кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, облыстың таулы аудандарында бұршақ жауады. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте таңертең және күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Астанада найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.