Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен айыпталған Т-ның қылмыстық ісі қаралып, айыптау үкімі шығарылды.
Қызылордада жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ сотталды
1,642
оқылды

Сотталушы сот үкімімен төмендегідей қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылған. Атап айтқанда ол, жәбірленуші К.-ны алдап, таныстары арқылы оның баласын теміржол станциясына жұмысқа орналастырып беремін деп сеніміне кіріп, 1 680 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденген, – деп жазады Aikyn.kz.

Сотталушының қылмыстық әрекеті іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.

"Сот үкімімен Т. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, қылмыспен келтірілген шығын жәбірленушінің пайдасына өндірілген", – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.