19 мамырда ҚР Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта жер сілкінісін тіркеді.
Алматыда тағы жер сілкінді
3,140
оқылды

Жер сілкінісі Астана бойынша сағат 05:45-те болды, – деп жазады Aikyn.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықтағы Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5.

Магнитудасы – MPV 5.0.

Тереңдігі – 5 км.

ҚР аумағында сезілгендігі туралы мәліметтер түскен жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.