Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.
«Қазгидромет» 20 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады
10,617
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы

Аймақтың оңтүстігінде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, түнде өңірдің оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавлда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

Таңертең және күндіз аймақтың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Таразда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысы

Аймақтың солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысы, орталығы мен таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорғанда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

Түнде кей уақыттарда аймақтың оңтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз өңірдің таулы аудандарында бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, аймақтың оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, түнде тау асуларында екпіні 23 м/с. Өңірдің шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

Аймақтың батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің батысы мен оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Павлодар қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

Күндіз аймақтың солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең өңірдің батысында тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз аймақтың оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Аймақтың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

Түнде аймақтың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің батысы мен шығысында найзағай ойнайды. Аймақтың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, өңірдің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.