Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 18 мамырда тіркелген, – деп жазады Aikyn.kz.
"Күндізгі сағат 15:25 шамасында Индер ауданының Бөдене ауылында мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қағып құлатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Индер аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ зардап шеккен жасөспірім ауруханада қайтыс болды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Адам өліміне себепкер болған жол-көлік оқиғасын жасаған мопед жүргізушісінің де жасөспірім екені анықталып отыр. Биылғы наурыз айында бұл жасөспірімнің осындай құқық бұзғаны үшін заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылған. Алайда, жасөспірім ескертуге қарамастан мопед жүргізуді жалғастырған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.