Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
370
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты 5 ақпанға бірнеше өңірде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с артады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түркістан облысының кей жерлерін түнде тұман басып, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.Түркістан қаласында күндіз 15-20 м/с жылдамдықтағы жел күтіледі. Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, таңертең және күндіз оның күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей жерлерде 15-20, 23-28 м/с артуы мүмкін. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшпен жел тұрады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 16 м/с сақталады.