Ақтауда күзетші оқушы қызға тиіскені жайлы ақпарат пайда болған еді. Полиция осы оқиғадан кейін күдікті қамауға алынғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілдері 10 жастағы оқушыға тиіскен білім мекемесінің бұрынғы күзетшісі соттың рұқсатымен екі айға қамауға алынғанын хабарлады.
Ол қазір оқшауланды.
Еске салайық, өткен жексенбіде, 12 мамырда 11-шағынаудандағы №10 мектепте өрескел оқиға болған еді. Күзетші оқу орнының ауласында ойнап жүрген оқушы қыздардың бірін шақырып алып, тиісе бастаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.