Алматыда монша өртенді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматы қаласының Наурызбай ауданында демалыс үйінің аумағындағы монша өртенген.
Өртті сөндіру ғимараттың үстінен өтетін жоғары вольтты желінің болуымен қиындағанына қарамастан, өрт сөндірушілер жедел түрде 40 ш.м. алаңда өртті жойды.
«ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.