Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол 1987 дүниеге келген.
– 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Лондондағы Корольдік колледжін, 2011 жылы Бизнес мектебін, 2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2010 жылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінде бастап, ұлттық компанияларда түрлі лауазымда жұмыс істеген. 2016-2019 жылдары аралығында ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, Департамент директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. Ал 2019-2022 жылдары аралығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментін басқарған. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарып келді, – делінген Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.