Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.
Жаңбыр, бұршақ, 7 градус үсік: 21-23 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: elements.envato.com
9,311
оқылды

"Қазгидромет" РМК  21-23 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.

"Атмосфералық ағындардың әсерінен барлық облыстарда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейіп, жаңбыр жауады. Тек кей күндері ғана батыс облыстарда жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде 2 градусқа дейін суытады. Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айында күндізгі температураның көтерілуіне ықпал етеді. Айталық, батыс, оңтүстік облыстарда 18-28 градусқа дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градусқа дейін көтеріледі, тек 23 мамырда елдің солтүстігінде ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді",– делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.