Қазір Ақтөбе стансасындағы желілік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Ақтөбеде студент жұмбақ жағдайда көз жұмды
Фото: instagram.com/_bkbrgnv
3,822
оқылды

Ақтөбеде жоғары оқу орнының белсенді студенті көз жұмды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидасын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 19 мамыр күні тіркелді.

Қазір Ақтөбе стансасындағы желілік полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодесінің 344-бабы 2-бөлігі, яғни, абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидасын бұзу дерегі бойынша іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді,  деді Ақтөбе стансасындағы ЖПБ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар қызметінің жетекшісі Роза Төлегенқызы. 

Айта кетейік, студент өте белсенді болған. Ақтөбе студенттері альянсының атқарушы директоры қызметіне де биыл тағайындалған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.