Бейнежазба кешкі уақытта Тараздағы аулалардың бірінде түсірілген.
Соққыға жығылған тағы бір әйелдің видеосы тарады
1,456
оқылды

Таразда әйелді ұрып-соғу әрекеті көрсетілген видео желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының Полиция департаменті түсініктеме берді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Оқиға 19 мамырда Таразда болған. Видеода ер адам әйелді аулада ұрып-соғып, күштеп алып кетпек болып, оны көлікке қарай сүйреп жатқаны көрсетілген", - делінген видео сипаттамасында.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік беріп, құқықбұзушылық 19 мамырда емес, одан бұрын болғанын атап өтті.

"2024 жылғы 13 мамырда күдікті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.