"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында тұман болады деп күтілуде.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталуда.