Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі операция жасап, 7 жасар баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел түрде ауыстырылған.
Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері пациентті рентген, компьютерлік томографиялық, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, толық тексеру жасаған.
Содан хирург, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жасар балаға күрделі отаны сәтті жасап шықты.
Операция кезінде жасөспірімнің бауыр тұсынан 15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алды.
«Білікті мамандар ота алдында екі күн бойы науқасты дайындап, денсаулығын бақылап отырды. Қазір жағдайы жақсы. 18 мамыр күні бала ауруханадан үйіне жіберілді. Аталған ауру ит, мысық және төрт түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді», - дейді дәрігерлер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.