Алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Cемейде ер адам сүйіктісін көлікпен таптап өлтірді
Фото: видеодан кадр
1,281
оқылды

Семей қаласында көлік таптап кеткен әйел көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 33 жастағы әйел адамды қасақана көлікпен таптап кеткен.

Алған жарақатынан ол ауруханада көз жұмды.

«Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм әйелді көлікпен таптаған – оның кездесіп жүрген жігіті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от МОЙ СЕМЕЙ (@mysemey)