Қоғамда үлкен резонанс тудырған сот ісінде, Айка есімді сотталушы мефедронды заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған, сондай-ақ жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.
2020-2023 жылдар аралығындағы сотталушы Айка сыбайласымен бірге қыздарды клиенттермен таныстырумен айналысқаны анықталды. Ол бұл қызметі үшін пайда көріп отырған.
Сот үкіміне сәйкес, Айка 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы 3 жыл 8 айға сотталды.
Бұл оқиға қоғамда үлкен талқылаулар тудырды және құқық қорғау органдарының қылмыспен күресу жолындағы маңызды қадамы ретінде қарастырылып отыр.
Бұл жағдай заңсыз әрекеттердің жазасыз қалмайтынын және құқық қорғау органдарының мұндай қылмыстық әрекеттерге қарсы қатаң шаралар қолданатынын көрсетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.