Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7 ”Д”-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.
Ақан Әкімжанов – көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.