Ол қаржыны заңсыз түрде өзінің жеке шотына аударған.
Жаңаөзенде бухгалтер балабақшадан 30 миллион теңге жымқырған
1,674
оқылды

Жаңаөзен қаласында прокуратура екі бірдей мемлекеттік балабақшаның бюджетінен қаражат ұрлау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Тексерулердің нәтижесінде бір бухгалтер екі балабақшадан қаражат жымқырғаны белгілі болды. Ол өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 миллион теңгені заңсыз аударған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бухгалтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен, оған шартты түрде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал, 30 миллион теңге көлеміндегі қаражат мемлекетке толық көлемде қайтарылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.