Мақпал Исабекова ауруханаға түскенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Қызым екеуіміз үшін дұға етіңіздерші": екінші баласына жүкті Мақпал Исабекова ауруханаға түсіп қалғанын айтты
5,654
оқылды

Ай-күні жақындап қалған Мақпал Исабекова ауруханаға түскенін хабарлап, көпшіліктен өзі үшін дұға етуін сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мақпал Исабекова ауруханаға түскенін Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Өнер иесі бүгінде дәрігерлер қажетті нәрсенің барлығын істеп жатқанын айтты. Сонымен қатар әнші екінші сәбиінің жынысын жария етті. Ол қыз баланы күтіп жүр екен.

"Мен босанбадым. Себебі әлі ерте. Қауіп бар деп ауруханаға жатқызып қойды. Қызым екеуіміз үшін дұға етіңіздерші. Менің де, оның да жағдайы жақсы болсын деп тілеңіздерші. Дәрігерлер бұл жағдайда қажетті нәрсенің барлығын жасап жатыр. Бәрі жақсы болады", – деп жазды Исабекова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.