Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап бере отырып айтқан.
Бишімбаевтың әке-шешесі туған немерелерін енді көре алмайды
Фото: видеодан алынды
2,191
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесімен кездесуіне қарсы, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап бере отырып айтқан.

«Сіз болашақта балаларыңыздың ата-әжесімен, әкесімен араласуына рұқсат бересіз бе?» деп сұраған оқырмандары. Назым Қаһарман бұл сұраққа үзілді-кесілді «жоқ» деп жауап берген.

«Жағдайдың бәрін ескере отырып «ЖОҚ» деймін. Балаларымның жүрегі мен санасын зорлық-зомбылықты ақтау туралы ойлармен мазалағым келмейді», – деп жазды Назым Қаһарман.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында ортақ үш бала бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.