Ер адам сотқа мас күйінде келді.
Батыс Қазақстанда сотты сыйламаған ер адам қамауға алынды
Фото: zko.sud.kz
918
оқылды

Бәйтерек аудандық соты азамат С.-ны сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Азамат С. қылмыстық іс бойынша процесске қатысушы бола отырып, істің қаралатын орны мен уақыты туралы алдын ала, тиісті түрде хабардар бола тұра, сотта белгіленген ережелер мен соттың қалыпты қызметін бұза отырып, сотқа мас күйінде келді. Бұл істің уақытылы қаралуының мүмкіндік еместігіне және оның кейінге қалдырылуына әкеп соқтырды, осылайша сотқа құрметсіздік танытты.

Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 2 тәулік әкімшілік қамауға алуды тағайындады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.