Бұл туралы туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді
2,325
оқылды

Кейінгі кезде алаяқтар жымысқы әрекеттерін өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалып немесе хабарлама жазу арқылы жүзеге асыра бастаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Сізге диспансерлеу, флюорографиядан өту ұсынылады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS арқылы келген сандарды айтуды сұрайды. Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады. Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар», — деп ескертті полиция қызметкерлері.  

Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға ескерте жүріңіздер.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.