Биыл үш облысқа шегіртке шабуылдауы мүмкін.
"Үш аймаққа қауіп төніп тұр". Комитет ескерту жасады
Фото: 7-su.kz
3,728
оқылды

Биыл үш облысқа шегіртке шабуылдауы мүмкін. Бұл туралы Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов мәлім етті, – деп хабарлады Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әбдікәрімовтің дерегінше, шегіртке зиянкестерінің 2 538,035 мың гектар аумаққа таралған. Зиянкестер Ақтөбе облысында – 784 мың гектар, Қостанай облысында – 776 мың гектар және Түркістан облыстарында   271 мың гектар аумаққа қаптауы мүмкін.

Ол шекаралас аймақтардағы шегірткелерге қатысты жағдай тұрақты бақылауда екенін айтады.

"Жалпы, елімізде шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейді. Оның ішінде шегіркенің 10-15 түрі астық пен шабындық, көкөніс дақылдарына қауіп туғызады. Ең қауіпті және зиянды шегірткелердің грегариялық түрлері – азиялық, марокколық және итальяндық шегірткелер",  деді Дархан Әбдікәрімов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.