Талдау барысында Шымкент қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың сот жосықсыз деп таныған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізбеу фактілерін анықтады, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Бұл оларға конкурстарға еркін қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы келісімдер жасасуға мүмкіндік берді.
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді.
Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімі аппаратының 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.