Қазір ұрының басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Астанада мешіттен аяқкиім ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан алынды
601
оқылды

Елорда тұрғыны аяқкиімінің ұрланғанын айтып полицияға арызданды. Өзінің айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу құны 30 мың теңге тұратын кроссовкасын ұрлап кеткен, – деп хабарлады Aikyn.kz.

«Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында бейнебақылау камераларына түсіп қалған 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Видеодан оның сөре жанындағы аяқкиімге қарап тұрғанын көруге болады. Өзіне ұнаған аяқкиімді таңдап киіп, мешіттен шығып кеткен. Ер адам кінәсін мойындады», — дейді Астана қаласының Полиция департаментінен.

Қазір ұрының басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береміз», - дейді полициядан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.