Сотталушының анасы ұлының бұлай істегеніне сенбейді.
Петропавлда ер адам әйелін, 4 жасар інісін және бір жасар өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: СҚО ТЖД
686
оқылды

Петропавлда 3 адам қаза тапқан қайғылы оқиғаға қатысты сот отырысы өтуде. Айыптаушы тараптың мәліметінше, 25 жастағы ер адам кішкентай інісін, азаматтық некедегі әйелі мен оның бір жасар қызын өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберген, – деп хабарлады Aikyn.kz  Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

Сотталушының анасы ұлының бұлай істегеніне сенбейді. Петропавлдағы шағынауданда жеке үйде өрт шығып, жас әйел, бір жасар қыз бен төрт жасар бала қаза тапты. Өрттен аман қалған ер адам өзінің өрт кезінде ұйықтап жатқанын, оянғанда сүйіктісі мен балаларына көмектеспек болғанын, олардың ес-түссіз жатқанын көрген соң терезені сындырып, қашып үлгергенін айтқан. Көршілері жігіттің не істерін білмей жылағанын алға тартады. Алайда бір айдан кейін отағасы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Сот отырысында прокурор Роза Жолаушинова істің мән-жайын айтып берді. 2023 жылдың 25 қыркүйегінде кешке сотталушы анасының үйіне келді. Жұмыстан кейін ер адам демалмақ болады.

«Сағат 19.00 шамасында балалар ойнап жүріп, оны оятып жібереді. Күдікті балаларға ұрысқан. Сол сәтте әйел балаларды жақтаған. Осылайша, жанжал басталып, балалар жылай бастаған. К. жанжал кезінде әйелін итеріп жіберді, ал кішкентай қызы анасына жүгіріп барған. Ер адам қызды қолына алып, баланы үйдің верандасына қарай лақтырып жіберген», -  деді Роза Жолаушинова.

Айыптаушы тараптың айтуынша, қыз бала ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Айыптау қорытындысында қыздың анасы полицияға хабарлаймын деп қорқытқан кезде ер адам оны тұншықтырып өлтіргені айтылған. Ер адам інісін де осылай өлтірген көрінеді.

Айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушы балаларды көрпеге орап, верандаға шығарып, өртеп жіберген. Өрт басталған кезде сотталушы көршілерін көмекке шақырып, дәліздегі терезені сындырып, көшеге шығып кеткен, сол арқылы өзі өрт құрбаны болғанын дәлелдеп берген.

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері келіп, өртті сөндірді және әйел мен екі баланың мәйітін тапты.

Прокурор Роза Жолаушинова атап өткендей, сараптамалар 21 жастағы әйелдің өрт пен көмірқышқыл газынан улану салдарынан қайтыс болғанын көрсеткен. Күдіктінің інісі өртке дейін көз жұмған. Бір жасар қызға келсек, сарапшылар баланың бас сүйектерінің сынуы мен қан кету түріндегі ауыр бас ми жарақатын алғанын, бұл жарақаттар өліміне себеп болуы мүмкін екенін анықтады.

Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның өзі тағылған айыптардың ешқайсысы бойынша өз кінәсін мойындамады, оның пікірінше, тергеушінің өзіне жеке араздығы бар. Сотта жәбірленуші, қайтыс болған төрт жасар баланың анасы жауап берді. Әйел үлкен ұлының кінәсіне сенбейді және тағылған айыпты негізсіз әрі қисынсыз деп есептейді.

«Ол әйелі мен қызын қатты жақсы көретін. Жақында ресми түрде үйленейін деп жүрген еді. Жатақхана жалдап, өз беттерімен өмір сүргіміз келеді деп айтатын. Шыбынға да зияны жоқ, ол өтірген болуы мүмкін емес», – дейді келіншек.