Айтбектің айтуынша, оның бірінші некесінде, ел айтып жүргендей, ұрып-соғу, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жоқ.
"Әркім өз жолымен кетті": Салтанаттың ағасы бірінші әйелімен неге ажырасқаны белгілі болды
Фото: видеодан алынды
17,020
оқылды

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бұған дейін үйленгенін растап, не үшін ажырасқаны жайлы айтып берді, – деп хабарлады Aikyn.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Менің бұған дейін үйленгенім рас. Арамызда бәлендей ештеңе болған жоқ, тек мінезіміз келіспей қалды. Кейбіреулер айтып жүргендей, ұрып-соғу, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жоқ. Шынымды айтсам, ол кезде біз жас болдық, қарапайым тұрмыстық дүниелерді түсінбедік, өзіміз қалағандай өмір сүру үшін жеткілікті табысымыз болған жоқ: үй жалдап тұрдық, астымызда көлігіміз болмады. Қарапайым қажеттіліктерімізді өтей алмадық. Екеуміздің белгілі бір мақсаттарымыз болды, мен мысалы, балалы болғым келді… өкінішке қарай қарым-қатынасымыз ұзаққа бармады. Ешқандай ұрыс-керіссіз, тыныш қана ажырасып кеттік. Әркім өз жолымен кетті, қазір ешқандай байланысымыз жоқ, мүлдем араласпаймыз десем де болады", – деді А.Амангелді Тимур Балымбетовке берген сұхбатында.

Журналист әрі қарай біраз оқырмандарды қызықтырған: "Қазір Айтбектің жүрегі бос па?" деген сұрақты қойды. Ол отбасылы болуға дайын екенін, бірақ жүрегі бос емес екенін жеткізді.

"Әрине, мен де қарапайым адаммын ғой, өмірімді жалғыздықта өткізгім келмейді, бірақ қазір жүрегім бос деп айта алмаймын", – деп жауап берді Салтанаттың ағасы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.