– Құлаққа керек, «Томпания».
– К-кешіріңіз...
– Есіміңіз?
– Тұрап.
Кейде естімейді құлақ.
– Біздің дәрі,
Алады бәрі.
Жас та кәрі,
Алғыс айтасыз, әлі...
...Не керек,
Елден ерек,
Майын тамызды,
Көз жасымды ағызды,
«Керемет компания!» деп,
Шайнап тұрдым сағызды.
Пенсиямды алып,
Компанияға салып,
«Құлағым естиді» деп,
Болдым қарық...
Бірақ бүгінде
Таңғаламын күніге,
Құлағыммен демалам,
Мұрныммен естіп,
«Өләәә!» деп алам,
Аузымды ашсам,көрем,
Масқара, тірідей өлем!
Жетпей қойды,
Осыған өрем...
Кереңмін, мұрын қыссам,
Осыған күлді бөлем.
Жетпей қойды өрем,
Жарайды!
Бұйырғанын көрем!
Көңіл қарайды,
Осы ғой, сатиралы өлең!
Мұхтар ШЕРІМ