Күніне сегіз сағат ұйықтасаңыз да, шаршап оянасыз ба? Оның себебі көп, оны анықтау үшін дәрігерге қаралған жөн. Маманға қаралғанға дейін не істеуге болады? Дәл қазір қалай сергуге болады?
Шаршап оянасыз ба? Мына 10 өнімнің бірін ішіп, жеңіз
2,966
оқылды

Кейде ойларыңызды жинақтауға және энергия алуға дұрыс таңғы ас көмектеседі. Сізге сергектік пен күш сыйлай алатын өнімдерді ұсынамыз,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Балық

Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап жазғандай, кей жерлерден таңғы асқа қытырлақ нанға балық қойып ұсынатынын көрген боларсыз. Бұл бекер емес. Майлы балықта омега-3 майлы қышқылдары бар. Ол когнитивті функцияны жақсартады және энергия деңгейін көтереді. Аптасына ең болмағанда бір рет болсын балық жеуді әдетке айналдырыңыз. 

Йогурт

Қанты аз табиғи йогурт - таңғы асқа арналған жақсы таңдау. Бұл өнім асқорытуды жақсартуға және энергия деңгейін арттыруға көмектесетін пробиотиктерге бай. 

Кофе

Кофенің сергектік сыйлайтын сусын екенін білеміз. Кофеин энергия деңгейін арттырады және оянуға көмектеседі. Күніне 1-2 кесе кофе ішу ағзаға зиян емес. Алайда оны көп ішпеңіз, әйтпесе, кері әсер болады: өзіңізді одан сайын әлсіз сезінесіз.

Банан

Егер таңғы ас ішуге мүлдем уақыт болмаса, сөмкеңізге ең болмағанда банан салып алыңыз. Бұл жемісте төзімділікті арттыратын калий бар. Сондай-ақ банан энергия береді.

 Киви

Кивиде аскорбин қышқылы көп. Ол арқылы ағзаның қорғаныш күшін қатайтуға болады. Оған қоса, ұйықтар алдында бір киви жесеңіз, ұйқыңыз сапалы болады және таңертең өзіңізді жақсы сезініп оянасыз.

Авокадо

Авокадода пайдалы майлар мен калория бар. Сондықтан авокадомен бутерброд жасап жесеңіз, ол сізге ұзаққа дейін күш береді. Сондай-ақ авокадода калий мен жасұнық көп, сондықтан ол ағзаны төзімді етеді және асқорытуға көмектеседі.

Жасыл жапырақты көкөністер

Асжапырақ, салат, қырыққабат секілді көкөністерде антиоксиданттар көп. Олар когнитивті функцияларды арттырады. 

Бадам

Бірнеше бадам жаңғағын жеу сізге энергия сыйлайды. Себебі ол пайдалы майларға және жасұныққа бай. Алайда артық салмақпен күресіп жүрген болсаңыз, оны көп жемеңіз. 100 грамм бадамда 576 калория бар.

Сұлы ботқасы

Таңғы асқа сұлы ботқасын жесеңіз, түскі асқа дейін тоқ жүресіз. Оған қоса, сұлы - жоғары холестерин деңгейіне қарсы жақсы өнім.

Жұмыртқа

Жұмыртқаны қалай пісіріп жесеңіз де, ол сізге энергия сыйлайды. Жұмыртқа ақуызға бай.