Бұл туралы Adal Promotions промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі жазды.
Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы күтпеген кедергіге тап болды
2,531
оқылды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 КО) жекпе-жегі өтпейтін болды,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Құрметті достар, Adal Promotions боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) келесі кездесуін 13 шілде өткізуі керек болған.

Бірақ өкінішке қарай, визаның шықпауына байланысты боксшымыздың бұл кездесуі өтпейді.

Қазіргі уақытта Мейірім жаттығуын тоқтатпай ары қарай жалғастыруда. Бүгінде  жаңа кездесу туралы келіссөз жүріп жатыр. Келіссөз аяқталғанда біз міндетті түрде хабарлаймыз!",  делінген хабарламада.