Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді.
Мәжіліс Төрағасы Төрегелді Шармановпен қоштасу рәсімінде Президенттің көңіл айту хатын оқып берді
1,497
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Мәжіліс Спикері мемлекеттік және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың өмірден өтуіне байланысты қоштасуға арналған іс-шараға қатысты, - деп жазады Aikyn.kz.

Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының көңіл айту хатын оқып берді.

– Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген Президенттің көңіл айту хатында.