Видеодағы қыздардың бірінің үстіндегі лентадан олардың биылғы мектеп түлектері екенін байқауға болады.
Алматыда жас жігітті ұрып-соғып, видеоға түсірген екі қыз полицияға жеткізілді
Фото: kyn.kz
1,319
оқылды

Әлеуметтік желіде екі қыздың бір жасөспірімді ұрып-соғып, мазақ етіп, бүкіл әрекетін ұялы телефон камерасына түсірген видео пайда болды. Видеодағы қыздардың бірінің үстіндегі лентадан олардың биылғы мектеп түлектері екенін байқауға болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, видеода басқа бір жігіттің қолы көрінеді, соған қарағанда ол да бұл қылмыстың жанама қатысушысы болуы мүмкін. 

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған видеодағы жасөспірімдер анықталып, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.

"Кәмелетке толмаған күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа жағдайлар анықталу үстінде", – деді Алматы қалалық ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.