Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Алматы облысында 40 шақты турист мінген автобус апатқа ұшырады
Фото: Halyq Uni
1,235
оқылды

Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Зардап шеккендер бар, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 27 мамыр сағат 10:20-да Кеген және Еңбекшіқазақ ауданының шекаралас аумағында болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, автобус «ҚазАвтоЖол» желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 турист болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді», – деп хабарлады әкімдіктен. 

Қаза тапқан ешкім жоқ. 

«Жол апатының себебі әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында», – деп атап өтті әкімдіктен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.