Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында адамдарды үлкен жанжалдардың алдын алуға шақырды.
Бишімбаев сотында прокурор болған Айжан Аймағанова тағы бір қайғылы оқиға жайлы айтты
Фото: instagram.com/zhakiti
1,427
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сотымен танымал болған прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желіде тағы бір қайғылы оқиға туралы жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында адамдарды үлкен жанжалдардың алдын алуға шақырды.

"Мен тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты әлеуметтік құбылыс туралы ашық айту бүгінгі таңда қалыпты жағдайға айналғанына қуаныштымын.

Менің тәжірибемде отбасылық жанжал қол жұмсауға ұласып, олардың бірінің өлімімен аяқталған іс болды. Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал ас үйде болған, сол сәтте әйелі үстелде нан турап жатқан. Жанжал барысында ер адам оны ұра бастаған. Қорғанғысы келген әйелі жұбайының кеудесіне пышақ салып, ер адам сол жерде көз жұмған, ал әйелі сотталды", – деп жазды Айжан Аймағанова.

Прокурор мұндай істердің аз еместігін де айтты. 

"Бұл жағдайда зорлық көрсетуші өмірден өтті, ал зорлық-зомбылық құрбаны өзін құтқара алды. Бірақ мұның құны қаншалықты? Қоғамнан оқшаулану бағасымен және өкінішке орай, оқшауланумен ғана шектелген жоқ. Зорлық-зомбылық отбасыларда да, оқу орындарында да, еш жерде де болмауы тиіс. Әр отбасында балалар өсіп келеді, олар өмірін өз отбасының үлгісімен қалыптастырады. «Балаларды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле». Егер әрқайсымыз қоршаған ортаға бей-жай қарамасақ, онда көп нәрсені жақсы жаққа өзгертуге болады.

Бір-біріңізге көңіл бөліңіздер, үлкен жанжалдардың алдын алыңыздар", – деп жазды прокурор.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.