БҚО сотынан мәлім еткеніндей, тұрғын ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес айыпты деп танылды.
БҚО-да анасын өлтірген тұрғынға сот үкімі шықты
Фото: pexels.com
811
оқылды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тұрғынға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

БҚО сотынан мәлім еткеніндей, тұрғын ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес айыпты деп танылды. Сот талқысында анықталғанындай, 2023 жылғы 1 қараша күні сағат шамамен 00.30-да Орал қаласының тұрғыны мас күйінде өзінің анасымен сөзге келіп, аңшылық пышағымен оң жақ кеуде тұсына соққы жасаған. Салдарынан марқұм сол жерде жан тапсырған.

«Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетімен өкінетінін айтты. Сот үкім шығарған кезде қылмыстың сипаты мен қоғам үшін қауіптілігін, жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескерді. ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленуші тараптан талап-арыз түскен жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді», – деп хабарлады ведомстводан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.