Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы мектеп бітіргеніне 30 жыл толуына орай сыныптастарымен кездесті.
Шараптың дәмін бірге көрдік: Ләйлә Сұлтанқызы жастық шағын сағынатынын айтты
3,603
оқылды

Тележүргізуші көңілді кештің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп жазады Aikyn.kz.

Журналист сыныптастарымен өткізген сәтті желіде сақтағысы келетінін жасырмаған.

"Бір нанды бөліп жемесек те, пирожки жегіміз келгенде ақшаны сыныптастарымыздан сұрайтынбыз. Біз бірге өстік, есейдік, сабақтан қаштық, дұрыс жауапты бір-бірімізден көшірдік, қателестік, төбелестік, "старшактарға" ғашық болдық, шараптың дәмін де бірге көрдік. Ұлдар шашымыздан тартып, қыста бетпен қарға шомылдырған қайтып келмес кездер-ай… Қыздарға қып-қызыл помада да ортақ еді, алғашқы макияжымыз. Биыл 30 жылдық кездесу. Бәрі бір-бір үйдің отағасы, отанасы. Бізді байланыстыратын, жүректен еш өшпейтін балалық шағымыз. Бетімізге әжім түсіп, артық салмақ жиналса да, көңіліміз, мінезіміз баяғыдай. Адам өзгермейді екен ғой, о тоба", - деп жазды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы 1990-1994 жылдары сабақ берген ұстаздарына да алғыс айтты.