Ақтөбе облысында мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыттық деп көрсетіп, заңсыз ақша алып келген.
Ақтөбе облысында негізсіз қосымша ақы алған 16 мұғалім ұсталды
Фото: Halyq Uni
3,199
оқылды

Ақтөбе облысында мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыттық деп көрсетіп, заңсыз ақша алып келген. Шындығында, ол балалар мектеп қабырғасында білім алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Хромтау қаласындағы бұл заңсыздықты облыс прокурорлары анықтады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шағын шаһарда барлығы 117 мүгедек бала тіркелген. Оның 48-і үйде оқытуды қажет етеді. Алайда білім беру ұйымдары осындай 6 баланың құқығын бұзып, оларды мектеп қабырғасында оқытқан. Сонымен қатар 16 мұғалімге негізсіз қосымша ақы төлеген.

 «Бұл балалардың ата-аналарына 98 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем қамтамасыз етіліп, мұғалімдерден 300 мың теңге көлемінде негізсіз төлем өндірілді. Мүгедек балалардың құқықтарын бұзуға жол берген кінәлі адамдар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.