Биылғы көктем тұтас елі­міз үш­­ін оңай болған жоқ. Су тасқы­ны­ көптеген об­лыс­ты, аудан-ау­ыл­­дар­ды ­үлкен сын­ақ­тың ас­­тын­да­ қал­дырды.
Құлсары
631
оқылды

Тасқын су қаупі Атырау үшін де үлкен сабақ болып отыр. Об­лыс­қа қарасты Құлсары қала­сы­ның оннан астам ықшам­ауданы тас­­қын судан зардап шегіп, мек­теп­­тер, басқа да қоғамдық ор­ын­дар­­ды қоса алғанда үш мыңға жу­­­ық үй бүлінді.

Табиғи апат салдары бір күн­де жойылмайды. Тұр­ғын­дар­ды қауіп­сіз аймақ­тарға көші­ру, бір­жолғы материалдық көмек бер­ілгені­мен, бүлінген баспаналарды баға­лау жұмыстарын тез ая­қ­­тауды тал­ап етушілер көбейді. Тасқын со­ңы Құл­сарыда митинг­ке ұласты. Ал­аң­ға шатыр құрған тұрғындар­дың арасында жалған ақ­парат таратып, митинг соңын тәртіпсіздік­ке ұластырғысы кел­ген­дер де бол­­ды. Абырой бол­ған­­­да, бірнеше күн­ге созылған бей­біт митинг ая­қ­талды.

Жылыой ауданының әкімі Жұ­­ма­­бек Қаражанов Құлсары қа­ла­­сының тұрғындарына зардап шек­­кен тұрғын үй үшін өтемақы бойынша жүргізіліп жатқан жұ­мыс­­тарға түсіністікпен қара­ға­ны үшін ризашылығын білдірді.

«Алда үлкен және өте маңыз­ды қалпына келтіру жұ­мыс­тары тұр. Қала алаңы қалыпты өмірге ор­алды, бейбіт жиналысқа қат­ысу­шылардың шатырлары жина­л­ды. Барлық қоғамдық орын қа­лы­пты режимде жұмыс істеуде. Қа­­ла­да зардап шеккен тұрғын­дар­ды залалды бағалау нәтиже­л­е­р­і­­­­мен таныстыру бойынша мо­­б­иль­ді топ­тардың жұмысы жал­­­­­ғасу­­да»,  – деді Жұмабек Қа­ра­­­­жанов. 

Қазіргі уақытта құлсарылық­тарға №20 қалалық мектеп базасында және 109 нөмірі бойынша байланыс орталығы арқылы үз­дік­сіз консультативтік қолдау көр­сетілуде. Бағалау нәтижелері­мен келіскен қала тұрғындары мен әкімдік арасында шарттарға қол қою жергілікті Мәдениет үй­ін­­­­де жалғасуда.

28 мамыр күнгі мәлімет бойынша, 1 100-ден астам құл­сары­лық баспанасын қалпына кел­тіру үшін өтемақы алды. Мобильді топ мүшелері үйлерді аралау барысында 2 583 үйге баға­лау және техникалық зерделеу жұ­мыс­­­­тарының қорытынды­сымен таныстырды. Атырау обл­ыс­ы­ның жедел штабының мәлім­еті бойынша, Құлсарының 1 594 тұрғыны өте­м­ақы алу туралы келісімшартқа қол қойып, 1 165-не төлем төле­н­ді. Оның ішінде 722 тұрғын бас­пана сатып алуға және 443 тұрғын жөн­деу-­қалпына келтіру жұмыс­тарына төлем алды.

Құлсары қаласының тұрғыны Сегіз Бердіқұловқа мобильді топ мүшелері үйіне келіп, бағалау парағын берген. Ол сарапшылар­дың қорытынды­сында көрсетіл­ген қар­­жы­­ға толық келіскен­ін айтты. 

– Сарапшылардан үйіме жа­са­­ған бағалау қорытындысын ал­ған соң, дереу Жылыой ауданы әк­імдігіне барып, маған төлен­е­тін өтемақыны ақшалай алғым ке­л­е­тінін айттым, – деді Сегіз Бер­діқ­ұл­­ов.

Вахтовый ауылының тұрғыны Қожантай Дәуітовке де бағалау комиссиясының қорытындысы бе­р­­ілді. Ол су басқан мүлікке кел­тірілген залал сомасына тол­ық келісетінін айтты.

– Мүлкімді әділ бағалаған ма­мандарға алғыс білдіремін. Бұл қа­р­а­­жатпен үйімді толық қалпы­на келтіремін деп ойлаймын, – де­ді Қожантай Дәуітов.

Сондай-ақ техникалық зер­делеу қорытындысын қайта қа­р­ау жұмыстары басталды. Нә­ти­­же­лерді қайта қарауды мамандар тұр­ғын­дардың берген өтініш­ін­де көрсетілген ескертулерді ес­кере отырып, жүзеге асырады. Техни­ка­­­лық мамандар Құлсары қала­сын­дағы зардап шеккен мү­ліктерге бағалау жұмыстарын жа­л­­­ғас­­тыруда. Құлсары қаласына тех­никалық мамандардың үш бригадасы келіп, су тасқыны сал­дар­ынан бүлініп, су астында қал­ып тексерілмеген үйлерді тех­никалық тексеруге кірісті. Бұл үй­лер негізінен «Атырау» және «Бола­шақ» шағын аудандарында орна­­ласқан. 

Жоғарыда аталған шағын ау­дандардағы үйлерді техника­лық тексеру аяқталған­нан кейін, ма­мандар тұрғындардың өтініші бой­ынша үйлерді қайта техника­лық тексеруге кіріседі.

Өтемақыдан бөлек, құлсары­лықтар арасында жаңа баспана салуға көмек сұрап отырғандар да бар. Сол үшін де Құлсарының биік жерінен зардап шеккен тұр­ғындар үшін баспана салуға жер бөлініп жатыр. Тұрғындар мен жер­гілікті билік арасындағы кел­ісім­­ге сәй­кес, салынатын үй­лер­дің құрылы­сы күзде аяқта­лады.

Қазіргі уақытта құрылыс ком­паниялары 80 жеке үйдің іргетасын қалауға дайындықты бастады. Атырау облысының Төтенше жағ­­дай­лар жөніндегі жедел шта­бы­­ның мәліметінше, Құл­сары қаласының «Болашақ» ша­ғын аудан­ындағы алғашқы 80 үй «Қазақстан халқы­на» қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынады.

Атырау облысы Құрылыс бас­қармасының басшысы Нұр­берген Құсайыновтың айтуынша, бүгінде топырақты тегістеу жұмыс­тарына үш мердігер ұйым­ның 20 арнайы техникасы мен 30 жұмысшы жұ-м­ыл­дыр­ылған. – Қазіргі уақытта ір­ге­­тас құры­лы­сы­мен қатар, жаңа ша­­ғын аудан­ға жол инфра­құры-л­ым­ын салу жұмыс­тары басталды. Қал­ған инженерлік коммуникация­­­­лар жүргізіліп тұр, – деді Нұр­бер­ген Құсайынов. 

Атырау облысының әкімдігі­мен арада қол қойылған мем­оран­­дум шеңберінде, жергіл­ікті ат­қару­шы орган жаңа үй­­лер салу үш­ін жер учаскелерін суға кетпей­тін қауіпсіз аймақ­тардан бө­л­уд­і қам­т­амасыз етуде. Сон­дай-­­ақ жергілікті ат­қарушы орган құр­ылыс жүргізу мерзімі мен техни­калық талаптарды сақтай отыр­ып, құры­лыс жұ­мыс­­­тары­ның са­­­п­а­сын бақ­ылай­­ды.

Жанаргүл Артығалиева да зардап шеккен тұрғындардың бірі. Оның үйі апатты жағдайда деп таны­­­­лып, үйін толық бұзу ұсыныл­­­­­­­ған.

– Екі комиссияның мамандары келіп, техникалық сараптама мен бағалау жүргізді. Содан кейін мобильдік топ бағалау қорытын­дысымен таныстырды. Әкім­дік ұсынған өтемақы көлем­імен ке­лісеміз, сондықтан келі­сім жа­са­дық, – дейді Жанаргүл Арты­ғалиева.

­Зейнеткер Дабыл Ахметов бүлінген мүлкін бағалау нәти­жесімен танысып, ақшалай өтем­ақы алуға әкімдікпен ша­ртқ­­а қол қойғанын айтады. 

– Су басқан үйімді әділ баға­лағаны үшін Жылыой ауданының әкімдігіне риза­шылы­ғым­ды білдіремін. Енді біз­дің қаламызда мұндай су тас­қыны болмайды деп сенемін, – дейді Дабыл Ахметов. Тасқын кезінде баспанадан бөлек, Құлсары қаласындағы бизнес нысан­дары да зардап шекті.

Атырау облысының ТЖ жө- н­ін­дегі жедел штабының хабар­лауынша, қазіргі уақытта Құл­сарыда бизнес нысандардың бүлінген 137 ғимараты техника­лық тексеруден өтті. Жылыой ауданында кәсіпкерлік субъекті­лерінің зардап шеккен мүлкін бағалау бойынша жұмыстар жал­ғасуда. 28 мамырдағы жағдай бой­ынша, Жем өзенінің тасуы кезінде су тасқын­ынан зардап шеккен 320 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Бүгінде сарапшылар 47 кәсіп­кер­лік субъектісі бойынша тауарлық-материал­дық құнды­лық­тарды бағалауда. Қа­зіргі уақытта жылжымалы мүл­­кі зар­дап шеккен 119 кәсіпкер тір­­­­­­келді.

– 128 бизнес объектісі бойынша ғимараттарға техника­лық тексеру жүргізілді, сондай-ақ 35 кәсіпкерлік субъектісі бойынша 662-ден астам жабдық­ты бағалау жұмысы жүргізілді, 8 нысанға техникалық тексеру жалғасуда. Бұзуға жататын нысандар саны – 17 бірлік. Күрделі жөн­деуге жататын нысандар са­ны – 14, қазіргі жөндеуге жата­тын нысандар саны – 97, – деді Жы­лы­ой ауданы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалы­ның директоры Ерлан Нұрланов. 

Кәсіпкер Гүлбану Жұмақұл­ова­ның айтуынша, су тасқыны кезінде оның ұлттық көрпе шы­ғар­атын бизнесі – шағын цехы зардап шеккен. Су астында жал­пы сомасы 6 миллион теңгенің жаб­­дығы қалды. 

– Маған ғимараттар мен жаб­ды­қ­тарды техникалық баға­лауды жүргізетін мамандар келді. Баға­л­ау нәтижесінде есептелген өте­м­а­қы көлемі мені толығымен қа­на­ғат­тандырады, – деді Гүл­бану­ Жұмақұлова.

Тұрғын үй, бизнес нысандары мәселесінен бөлек, Құлсары қаласы қазір таза ауызсуға қатыс­ты проблемадан да зардап шегіп от­ыр. Судың құрамы «Астрахань–Маңғышлақ» магистралды су құбырының жаңа лупингін пай­да­лану­ға беру кезінде лас­танғаны бел­гілі болды.

Лайдың көптігінен су құрамы толық тазармай, Құлсары қала­сына қажетті су көлемі берілмеді. Лайлану көрсеткіші стандартқа сай емес. 

Облыс әкімі Серік Шәпкенов тез арада кеткен кемшілікті реттеуді тапсырды. Сондай-ақ лай су­ды жинақтаушы резервуарлардан ағызу қажетігін атап өтті. Құ­б­ырлар толық тазарғанша ма­­ги­­с-тр­алды желіден су жіберуді тапсырды. Судың құрамы толық тазарғанға дейін жұмыстар жал­ғасады. Сонымен қатар тас­қын­нан кейінгі Құлсарыда малын­ан айырылған тұрғындарға өте­м­ақы берілуде. Күні бүгінге дей­ін аза­маттарға 120 млн теңге­ден астам өт­ем­ақы төленді.

Жылыой ауданының Кәсіп­кер­лік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұрғындардан келіп түскен 101 өтінішті толығымен қанағат­тан­дырды, деп хабарлайды Тө­тен­ше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. Қосшағыл ауылдық округінде орналасқан «Қарағай» шаруа қожалығының басшысы Айтуар Мырзағалиевтің айтуынша, су тасқыны кезінде оның екі жыл­қысы суға батып кеткен. Ол өтіні­ш­­ін жергілікті кәсіпкерлік жә­не ауыл шаруашылығы бөлім­і­не же­т­кізген.

– Бізге бағалау комиссиясы келіп, барлық құжаттарды зерделеді. Біраз уақыттан кейін залалды бағалау нәтижелерін хабарлады. Біз келісім беріп, шотымызға өт­ем­­ақымызды алдық, – деді Ай­туар Мырзағалиев. 

«Еркінқалиева» ЖК шаруа қожалығында су тасқыны кезінде екі сиыр мен төрт қошқар суға батып кеткен. Залалдың жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрады. 

– Кәсіпкерлік және ауыл ша­-руашылығы бөліміне жүгін­ген­нен кейін, су тасқыны кезінде жо­ға­лған малым үшін залал көлемі то­­­­­­­­лы­ғымен өтелді, – деді шаруа қо­ж­а­лығының басшысы Аида Ер­кін­­­­қалиева. 

Жылыой ауданының кәсіп­кер­лік және ауыл шаруа­шылығы бө­­л­­імінің басшысы Нұртас Қуат­бае­в- ­тың айтуынша, бү­гін­де малынан айырылған азамат­тардың шот­та-р­ына бар­лығы 123,8 млн те­ң­ге аударылған. 

– Өтініштерді қабылдау жал­ғасуда, 15 жұмыс күні ішінде ар­найы комиссия барлық құжат­тар­ды қарайды, өтемақы малынан ай­ырылған азаматтың жеке шоты­на аударылады. Бұған дейін қа­был­данған өтініштер бойынша за­­­­­­­­­­­­­лал толығымен өтеледі, – деді Нұртас Қуатбаев. 

Еске сала кетейік, су тасқыны кезінде Құлсарыда 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шеккен. Он­ың ішінде: 93 бас ірі қара, 697 бас ұсақ мал, 55 бас жылқы, 31 бас түйе, 532 құс бар. Бүгінде аза­мат­­тардан түскен барлық өтініш­тер бойынша өтемақы толық төл­е­н­ді.

Тасқыннан бөлек, кей құл­сар­ы­лық үшін табиғи апат ерекше оқиғаларымен де есте қалды. Мә­се­лен, Жұлдыз Жан­дос­қызы тас­­­­қын кезінде алғашқы сәбиін өмір­ге әкелді. Жас ана Жұлдыз Жан­досқызы босан­ған­нан кейін бірден Құлсарыдан эва­куа­ция­ланған. Қазіргі уақытта сәби ана­сымен бірге үйде. Су тасқыны кезінде жас отбасының үйі зардап шеккен жоқ. 

– Толғағым қысып Жылыой аудандық ауруханасына сағат 00.00-де түстім, ұлымды 5 сәуір­ден 6 сәуірге қараған түні дүниеге әкелдім. Балам үшін аздап қор­қыныш болды, бірақ дәрігер­лер бәрі жақсы болады деп сендірді. Мен және тағы бір босан­ған әйел бірнеше сағаттан кейін Бей­неу­ге көшірілдік, – дейді Жұл­дыз Жандосқызы. 

Бұл – жас ананың алғашқы сә­­­биі. Атасы мен әжесі оны Бекзат деп атауға шешім қабыл­дапты. Бір­­ақ сәби тасқын кезінде өмір­ге келгеннен кейін, туыс­­­­­тар­ы­­­ оны ­Тас­қынбай деп атап кет­­­кен.­­

– Жылыой аудандық ауру­ха­на­сының дәрігерлеріне сын са­ғат­­та жанымызда болып, ұл­ым ек­еу­мізге күтім көрсеткені үшін ал­ғыс айтамын. Тіпті, Бейнеу қа­ла­сына эвакуациялау кезінде де жанымызда бірге болды. Бейнеулік дәрі­герлерге шығарыл­ған­ға дейін кө­­мек пен қолдау көр­сеткені үшін көп рахмет, – де­ді жас ана. 

Еске сала кетейік, ТЖ кезінде Атырау облысында Құлсары қа­ласынан перзентханадан 12 әй­ел эвакуацияланды, оның ішінде 8 жас босанған ана мен 5 жүкті әйел медициналық ұйым­дарға көшіріл­ген болатын. Сонымен бірге, тұр­ғын­дарға Құл­сар­ы қаласын дамы­тудың жо­с­пары таныстырылды. Зар­дап шек­кен тұрғындар үшін жаңа шағын аудан, 2 000 орындық Бин­ом мектебі, балабақша, сая­бақ сал­ынады.

Құлсары – Атырау үшін үл­кен маңызы бар тарихи қала. Құл­сары­ның бүгіні мен бола­ша­ғы үшін игі қадамдар жал­ға­са­ды.

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы