ТЖМ баспасөз қызметі су тасқыны жағдайына қатысты ақпарат жариялады.
Су тасқыны салдарынан әлі 5 мыңнан астам адам эвакуациялау пунктін паналап отыр
550
оқылды

Ондағы дерекке қарағанда, әлі 5 мыңнан астам адам эвакуациялау пунктін паналап отыр,  деп жазады Aikyn.kz.

"Республика бойынша 63 063 адам өз үйіне оралды. 5 268 адам эвакуациялау пунктінде.

28,2 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8,1 млн-нан астам қапшық және 1.5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді", – деп жазды ведомствода.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.