Мұнай бағасы 6 процентке өсті
Мұнай бағасы 6 процентке өсті
Фото: Интернеттен алынды
191
оқылды
Бүгін мұнай бағасы 6 проценттей өскен, – деп жазады Reuters. Мұнай өндіретін америкалық компаниялар ОПЕК-тің жаһандық нарыққа өнімдерін жеткізу себебімен болашақ өндірісін қысқарта алады. Brent маркалы мұнай бағасы 2,31 долларға (6,7 пайыз) қымбаттап , баррелі 36,67 доллар болды. Сондай-ақ WTI маркілі мұнай бағасы АҚШ-та 1,79 (5,8 пайыз) долларға қымбаттап, баррелі 32,92 доллар болды. Айта кетейік, дүйсенбі күні бұл екі көрсеткіш ең төмен деңгейге түсіп, 1991 жылдың 17 қаңтарынан бері пайыздың ең үлкен біркүндік төмендеуі тіркелген болатын. Экономист-сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасы 25 проценттік құлдыраудың орнын толтыра алмайды. Тағы бір себебі, коронавирустың таралуы да мұнай өнімдеріне деген сұранысты азайтып жатыр.