Астанада ерекше балаларға арналған «Жұлдызай» шығармашылық фестивалі өтті. 19 жыл ішінде бұл шараның ауқымы кеңейіп, ерекше қажеттіліктері бар жас та­лант­тардың өнерін шыңдайтын республикалық деңгейдегі бірден бір алаңға айналды.
Таланттарды шыңдайтын алаң
677
оқылды

Іріктеу турларына өңірлік жалпы білім беретін мектептер мен оқу мектеп-интернаттардан, сондай-ақ түзету кабинеттерінен арнайы даярлығы бар 10 мыңнан астам оқушы қатысты. Ақтық турға 600 бала қатысты, олардың 250-і вокал, хореография, аспап­тық және ым-ишаратпен орын­дау номинациялары бойынша лауреаттар атанды. Атап айт­қан­да, осы жеңімпаздар Астананың үлкен сахнасындағы керемет гала-концертте өнер көрсетті. 

«Биыл біздің қордың құрыл­ғанына 20 жыл болды, соның ішінде 19 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау және олардың қоғамдық өмірге бел­сенді бейімдеу үшін жағдай жа­сау мақсатында аталған шы­ғарма­шылық фестивальді өткі­зіп келеміз. Осы уақыт ішінде фестиваль ерекше балалар үшін нағыз мерекеге айналды. Мұнда балалар бойындағы таланттары мен айрықша қабілеттерін шыңдап, өздерін ортада еркін сезініп, құрдастарымен таны­сады және қазақстандық эстрада әртістерімен бір сахнада нағыз жұлдыздар секілді өнер көрсе­теді», – деді «BI-Жұлдызай» қо­ры­ның директоры Гүлхан Иса­баева.

Концертке Қазақстандық эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексен, Балжан Бидаш, Рукия Байдукенова, Расул Жарма­ғамбетов, Назым Сағынтай және Қайрат Мырзаханов қатысты. Сондай-ақ фестиваль аясында қатысушылар үшін елордаға түрлі экскурсиялар ұйымдас­тырылып, шоу-бағдарламалар мен би кеші өткізілді.