Әуекомпания апаттық-құтқару рәсімдері бойынша оқыту үшін эвакуа­циялау және өрт сөндіру бойынша жаңа тренажерларды іске қосты.
Әуекомпанияда жаңа тренажерлер іске қосылды
599
оқылды

Бұлар – Қазақстандағы біре­гей тренажерлер, бортсеріктер мен ұш­қыштарды даярлау ке­зін­дегі түрлі практикалық апаттық жағ­­­дай­ларды құруға, ұшақ есік­терінің апаттық жағ­дайда ашы­луын, жо­лау­шыларды эваку­ация­лауды, әуе кемесінің раз­­­гер­­­метизациясын, өрт­ті шынайы сөн­діруді және күш­ті, қатты түтін жағдайында әр­түрлі ава­рия­лық жағ­­­­дайларды мо­дель­деуге қабілетті. Әуекомпания қазір жұмыс істеп тұр­ған және жаңа борт­серіктер мен ұш­қыш­тар үшін апаттық-құтқару рә­сімдері бойынша оқытуды бас­тады.

CEET және RFFT ұшу каби­на­­лық экипаждың жаңа және қолданыстағы құрамы үшін заң­намада талап етілетін міндетті норматив­тік бастапқы даяр­лықты және қай­та даярлауды қамти отырып, жыл бойы пай­даланылатын болады.

Компанияның оқыту ака­де­мия­­­сын заманауи трена­жер­лармен жарақтандыруға салған бұл инвес­ти­циясы компанияның бортсе­­рік­тер мен ұшқыштарды сапалы оқыту ар­­қылы ұшу қа­уіпсіздігінің ең жоғары стан­дарт­тары мен тұрақ­ты жетіл­діруге ұмтылысын көрсетеді.

«Ұшу қауіпсіздігі бойынша оқы­ту – біздің басты басым­ды­­ғымыз. Жаңа тренажерлар тек ин­­­новациямен ғана емес, сон­дай-ақ әрбір клиент­теріміздің ұшу кезінде өздерін қауіпсіз сезінуі үшін ең жоғары стандарт­тар бойынша даяр­­лауды қам­тама­сыз етеді. Осылайша, біздің клиенттеріміз әр рейс­те өздерін қауіпсіз сезіне ала­­­ды. Бұл жаңа тренажерлер авиакомпанияға экипаждың жұмыс уа­қытын үнем­деуге де мүмкіндік береді», – деді оқыту және клиенттік тә­жірибе жөніндегі вице-пре­зи­дент Сандра Каллен.

Сонымен қатар бортсеріктер мен ұшқыштар күн сайынғы тап­сырған тестілеуден бөлек, 12 ай са­йын қайта даярлау уни­курс­та­рынан өтеді. Оған қоса, жыл са­йын бір рет толық күн авиа­ция­лық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету бо­йынша курс оқи­ды. 

«Әр категориялық білім ал­ған­нан кейін тес­тілеу өткіземіз. Мысалы, белгілі бір тақырыпқа байланысты қандай қорытынды шығар­ғанын, айтылған ақ­па­ратты қай деңгейде қабыл­дағанын білу үшін күн соңында тестілеу болады. Оқуын енді бастаған бортсеріктерге ең бірінші қойылатын талап – теорияны меңгеру, одан кейін – практика. Практиканы Airbus 320 әуекемесінің нысанында өткіземіз. Оның бірнеше апаттық шығу люктары бар. Ол Airbus 320 әуекеме­­сінің типіне де байла­ныс­ты болады. Әр типтегі апат­тық шығу есік­­тері әртүрлі әдіс­пен жасалады. Сон­­­­дықтан прак­тиканы класта бі­­тірген соң, ны­санға келіп шы­найы дайын­дықтан өтеміз», – деді ұшу қауіп­сіздігі жөніндегі инструктор Айым Серікқызы. 

Айым Абилованың айтуын­ша, бортсерік қыз­метіне жаңа келу­шілер үшін оқу кезеңінің ұзақты­ғы – бір жарым ай. Оның ішінде авиация­лық қауіпсіздік, жүктерді тасымалдау, кор­пора­тивтік мәселелер көтеріледі. 

С. БЕГІМБАЕВА