Күдікті 10 жылдан астам уақыт іздеуде жүрген.
10 жыл халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы БАӘ-ден экстрадицияланды
3,111
оқылды

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында елге экстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бас прокуратураның айтуынша, күдікті 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан «Роллс-Ройс» маркалы автокөлікті жеткізіп беру үшін 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, кейін қашып кеткен.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланды. Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келген.

Аталған қылмысы үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оны экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасындағы ҚР Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында жүзеге асты.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.