«Халықты қиын жағдайда қалдырмаймыз» – Асқар Мамин
«Халықты қиын жағдайда қалдырмаймыз» – Асқар Мамин
Фото: Интернеттен алынды
201
оқылды
Мұнай бағасының құлдырауына байланысты Үкімет әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға байланысты шұғыл шешім қабылдайды, – деп жазады «Қазақпарат». Премьер-министрі Асқар Маминнің айтуынша, экономикалық өзгерістеркезінде бірінші кезекте халықтың жағдайы ескеріледі. «Қазір әлемдегі экономикалық жағдай күрделі болып тұр. Сыртқы экономикада коньюнктураның теріс серпіні байқалып отыр. Бірқатар ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттары биылғы жылы әлемдік экономика өсімі болжамының төмендегенін хабарлады. ОПЕК+ мұнайдың негізгі экспорттаушы елдері арасындағы мұнай өндіруді шектеу бойынша ортақ келісімге қол жеткізбеуі себебінен мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеуіне алып келді», – деді Асқар Мамин. Дегенмен, оның айтуынша, ұлттық экономикадағы жағдай биылғы 2 айдың нәтижесі бойынша 3,3 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Экономиканың шикізаттық емес салаларында өсім байқалуда.
Өңдеуші өнеркәсіп – 9,4, оның ішінде көлік жасау – 72,2, жеңіл өнеркәсіп – 12,4, мұнай өңдеу – 9,8 және металлургия 8,2 процентке өсті. Тау-кен саласы – 4,7, соның ішінде металл кендерін өндіру 8,8 және табиғи газ өндіру 4,1 процентке артты. Сонымен қатар құрылыс 11,9 және байланыс 10,7 пайызға өсім көрсетті. Инфляция нысаналы 6-8 пайыз шегінде сақталып отыр. Негізгі капиталға инвестициялар 11,6 пайызға, ал жеке инвестициялар 12,1 пайызға ұлғайды.
«Бұл ретте қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Президенттің тапсырмасы бойынша Шұғыл әрекет ету штабы және барлық өңірлерде тиісті штабтар құрылды. Үкімет осы жағдай одан ары қарай дамуының бірнеше нұсқасын әзірледі. Әр нұсқа қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілген. Бұл шаралардың мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету. Халықты қиын жағдайда қалдырмаймыз», – деді Асқар Мамин.