Елімізде кең ауқымды «Таза Қазақстан» экология­лық ак­циясы жалғасуда.
«Таза Қазақстан» сенен басталады
1,340
оқылды

Мемлекет басшысының тап­сырмасына сай, 8 сәуірден бері қолға алынған бұл бас­тама бірреттік акция болып қалмайды. Сонысымен де ол қазақстан­дық­тардың экологиялық мәдениетін арт­тырып қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау көз­қарасын нығайта түсетін болады.

Жалпыхалықтық сипаты бар шара

Бастапқыда Президенттің тап­сыр­масымен 8 сәуір мен 13 мамыр ара­лығында жарияланған «Таза Қа­зақстан» республикалық эко­ло­гия­лық акциясы бүгінде жалпы­ха­лық­тық сипат алып келеді. Өйт­кені межелі уақыт біт­кенімен, көше та­за­­лығына атса­лы­самын деген ұжым­­дар мен ерік­ті­лердің қатары көбей­месе, азаймай тұр. Тіпті, ха­лық­тық екпінмен жылдарға жалғас­қан­дай сыңайы бар. Өйт­кені белгілі спорт­шылар, өнер жұл­дыздары, та­нымал тұлғалар, қо­ғам қайраткерлері, де­пу­тат­тар, әкім­дік­тер мен министр­лік­тердің қыз­мет­­керлері, кәсіп­орын­дар мен ұйым­дардың ұжым­­­дары және тағы да басқа ел өміріне бей-жай қарай ал­майтын замандастары­мыздың ын­­тасы жоғары. Ал солар­дың бар­лы­ғынан да жастардың ары­ны ба­сым. Бұл болашақ саналы ұрпақ қа­лып­тасып келе жатқанын біл­дірсе ке­рек. Ал ол идеяны кө­те­ріп отыр­ған, ең бірінші кезекте Пре­зи­ден­ті­міз.

«Шын мәнінде, елімізді көгал­дандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып ке­­тетін бір реттік науқан емес. Аталған жұ­­­мыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жері­­­мізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпы­­­ұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ ең алдымен, Қазақ­­­станның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сон­дай-ақ бұл жұ­мыс елорда және ірі қалаларда ғана емес, шағын қала­­ларда, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылады. Бүкіл Қазақ­­­станды таза ұстау өзімізге, жастарға байла­нысты. Мен жас­тарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қарай­мын», – деді Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің өзі де «Таза Қазақстан» рес­­­публикалық экологиялық акциясы ая­­­сында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбі­лікке қатысып, елор­­да­дағы «Ұлытау» аллея­сында ағаш отырғызды. Оны­мен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жас­­­тары» ұйымының өкіл­дері, еліміздің ғылым, креативті ин­дустрия, мәдениет, спорт сала­­­ларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көш­­пен­ділер ойындарына қатысу­­шы­лар, Президенттік жастар кадр ре­зервінің мүшелері атсалысып, жөке аға­шының 430 түп кө­ше­тін екті.

«Таза өлкеден»...  «Мөлдір бұлаққа» дейін

Қалай болғанда да табиғат анаға деген ма­хабб­аттың төңірегіне топтасқан қазақ­­­стан­­­дық­­тардың әр құлшыны­­­сынан сабақ­­­тастық байқадық. Оның бір айшығы – науқаншылдықты іліп әкеткен халық пен Прези­­дентті қолдай кеткен жастар. Ал бұл сабақтастық 8 сәуір күні бас­­талып, бастап­­­қыда бес аптаға созы­лады деп жоспарланған болатын. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады. Мәселен, 8-13 сәуір «Таза өлке» деген атпен өтті. Жеті күн ішін­­де елді мекен тұрғын­­дары, қоғам қызмет­­­кер­­­лері, ұйымдар мен кәсіп­орын­дардың қыз­­­мет­­­керлері іргелес аумақтар мен аула­­ларды қо­­­қыс­­тардан та­зартты. Ал «Киелі ме­кен» деп атал­ған 15-20 сәуір аралығы та­­­­­рихи-мәдени ескерткіш­­тердің аума­ғын абаттан­­­дыру жұ­­­мыс­­­­тарына арнал­ды. 27 сә­­­уірге дейін қазақ­­­стан­дықтар «Жасыл ай­­мақ» тақы­­рыбы ая­­­сында ағаш көшет­терін отыр­­­ғызып, ағаш­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­тарды әктеді. 29 сә­уір – 4 ма­­­мыр күн­­дері «Өнегелі ұрпақ» деп аталды. Бұл аптада зей­­­неткерлердің аулала­ры мен қарт­тар үйлерінің аумақтарын жи­нау және абаттан­­­дыру жұмыстары ұйымдас­тырылды. Ал ак­­цияның соңғы аптасы «Мөлдір бұлақ» деген атау­мен су айдындарының айна­ласын қо­­­қыс­­­тан тазартуға бағыт­­­талды. Одан кейін де бұл акция тоқ­тамай жалғасып келеді. Әр ап­та­­­­ның атаулардан акцияның ауқы­мын аң­ғаруға болады. Тазалық және тал егу жұ­­мыс­­­­­тары тек облыс орталық­тары мен ірі қа­ла­­­­лар ғана емес, алыс аудан-ауылдарда да жүруде.

Экология және табиғи ре­­­сурс­тар ми­нистр­­­лігінің мәлі­­­ме­­тінше, еліміздің оңтүс­­­тік пен батыс өңір­лерінде сенбілік жұмыс­­тарын, тіпті наурыз айының аяғында бастап кеткен екен. «Ұлыстың ұлы күні» мерекесі аясында, 23 наурызда, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түр­кістан, Атырау, Жетісу облыс­тарында және Алматы қаласында «Тазалық эстафе­­­тасы» атты эколо­гиялық акция өткен. Ак­­­ция­­­­ға мем­лекеттік органдар, қоғамдық ұйым­­­­­дар, еріктілер, кәсіпорындар және тағы басқаларды қосқанда барлығы 90 мыңнан астам адам қатысқан. Нәтижесінде, 18 мың тоннадан ас­там қоқыс жиналып, 600-ден астам жасыл желек отыр­ғызы­лыпты.

Ал 20 сәуірде Түркістан, Жам­был, Қы­зылорда, Жетісу облыс­тарында, Абай және Шымкент, Алматы қалаларында орман отыр­­­ғы­зу күні аталып өтіп, 25 мың адам қа­тысқан акцияда 100 мыңға жуық ағаш отыр­ғызылған.

23-26 сәуір аралығында, Қоста­­най, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақ­стан, Солтүстік Қазақстан облыс­­­тарын қоспағанда, басқа өңірлердің барлығында Экология департа­­­­менттері жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ-тың қатысуы­­мен рұқсат етілмеген қо­­қыс үйін­ділерін жою мәселесі бойынша бас­­пасөз турларын өткізген.

27 сәуірде Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан об­лыс­тарын қоспағанда, рес­публиканың басқа барлық аймағында «Таза Қазақстан» респуб­ликалық акциясы өт­кізіліп, сенбілік жасалып, жасыл желек отыр­ғызылған. Іс-шараға 230 мың­нан астам адам қатыс­ты, оның ішінде 30 мыңнан астам ерік­тілер, кәсіпорындар мен қоғам­­­дық ұйым­дардың 130 мың қызметкері, 70 мың мемлекеттік қызметші.

11 мамырда республиканың барлық өңі­рінде сенбілік өткізіліп, ағаш отырғы­зыл­­ған. Акцияға барлығы 400 мыңнан астам адам қатысып, 100 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 120 мыңға жуық жасыл желек отыр­ғызылды. Осы күні министрлік қызмет­­­керлері де Астанадағы Ботаникалық бақта 259 қарағай көшетін отырғызыпты.

Акция қорытындысында осы уақытқа дейін республика бойын­ша 40 мың тонна­дан астам қоқыс жиналып, 100 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды.

«AMANAT» пар­тиясы бастаманы қолдайды

Ауқымды экологиялық акцияға «AMANAT» пар­тиясы да үлес қо­суда. Олар Са­ры­­­арқа ау­даны әкім­дігімен бірлесіп, «Тазалық бей­сенбісі» апта сайынғы эко­­­­логиялық акция­­­сын іске қосты. 6 маусымда партияның 12 мың­­­­нан астам мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсен­­­ділері респуб­лика бойынша, оның ішінде елорда бойынша аумақты тазалауға шық­ты. Өзен жағалаулары, орман алқаптары, өнді­­рістік аймақтар және жол бойындағы аумақ­­­тар – «AMANAT» пар­­тия­­­­сының мү­­­шелері елдің барлық аймағында тазалау жұ­­­­­мыстарын жүргізу үшін осындай 460 учаскені анықтады. Партияның атқару­­шы хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, «Та­за­лық бейсенбісі» партиялық ак­­циясы сапалы жаңа эколо­гиялық ойлау мен аза­­мат­тар­дың қоршаған ортаға са­на­лы көз­қарасын қа­­­­лып­­тастыру­ға бағытталған.

«AMANAT» партия­сы алғашқы күндер­ден бас­тап осы нау­қан­­ға бел­сенді қа­ты­сып ке­­­­­леді. 4 мыңға жуық «Жас­тар Рухы» ерік­тілері зар­дап шеккендерге су тас­қынынан кейін үйлерін ретке келтіруге кө­мектесті. Енді апта сайын біз бүкіл ел бойынша әр­түрлі учас­­­­ке­­лерде қоқыс жинауды ұйым­­­­дастырамыз. Егер біз қазақ­стан­­­дықтар мен бола­шақ ұр­­пақ­­тың табиғи өнім­дерді тұ­ты­нуын, таза ауа­­мен тыныс алуын және сапа­лы су ішуін қала­сақ, біз қазір эколо­гия­лық сана мен мә­дениетті қа­лып­тас­тыруымыз керек. Әрі сіз оны өзіңіз­­ден бас­тауыңыз керек. Сон­дықтан біз бар­лық бейжай қара­майтын қазақ­­­­­стан­дықтарды «Таза­лық бей­сенбісі» акциясына қо­сы­луға ша­қы­рамыз», – деді ол.

Партиялықтар әр бейсенбіде осындай тазалық іс-шарасын өткіз­уге ниетті. Бұл рет­те, бұл жай ғана қо­қысты жинау туралы емес, әрбір учас­кеге мәслихат депутат­тары, бел­сен­­­­­ділер мен бастауыш партия ұйым­­­­­дары­ның басшылары бекі­тілетін болады. Олар бекітілген учас­келерде тәртіп пен таза­лықты сақтауды қамтамасыз етеді, сон­­дай-ақ урна­ларды орнату, аумақ­тарды көгалдандыру, жолдар мен тротуар­ларды жөндеу сияқты ин­фра­құрылымды абаттандыру мен дамы­туға байланысты мәселелерді шешеді.

Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі

Мемлекет басшысының бас­тамасымен республикалық дең­гейде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы ауқымын Астана қала­сынан аңғаруға болады. Елорда­дағы акцияда қоғам өмірінің бар­лық қатпары қамтылды. Оның ішінде тек Астанаға тән ерекше­лік – Ақордадан бастап, Парламент, елшіліктер, министр­­ліктер және тағы басқалары бар. Акцияға Пре­зиденттен бастап, қарапайым қала тұр­­ғындарына дейін қатысуда. Мәселен, әлемнің түрлі елінен кел­ген дипломаттар қаланы көгал­дандыруға өз үлестерін қосып, Президент саябағына жа­­байы алма ағашы­­­ның 16 көшетін отыр­­­­ғызды. «Таза Қазақ­стан: Ас­тана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ау­қымды экоакция­сына атса­­­лыс­­­қандар – Ма­лайзия, Из­раиль, Пор­­­туга­­лия, Шве­ция, Бра­зилия дип­­­ло­­­­­­мат­тары болды.

Сол сияқты шағын фут­болдан ұлттық құра­маның бас бапкері Ри­кардо Кака мен ме­ценат Талғат Қожах­ме­тов Қазақ­стан фут­­­бол феде­рация­сы аумағында көшет отырғызу іс-шарасына қа­тысты. Ал пара-волей­болдан Қазақстан мен Бра­зилия құра­малары ара­­­сын­­­­да жол­­дастық кездесу өтіп, одан соң Бра­­зилия құрамасының ка­­­питаны Ренато Лейте экоакцияға қолдау білдірді. Елімізге танымал «Орда» тобы да қолдарына күрек алып, Бота­никалық бақта ағаш отыр­ғызды. Белгілі қазақстандық ак­тер Дәурен Серғазин «Жұлдызды пат­руль» акциясын ұйымдас­­­тырды. №91 мектеп-гимназиясында 250-ден астам оқушы, ата-ана және мұғалім қатысқан «Экоәлем» атты отба­сылық экостарт ұйым­­­дас­­­­тырылды. «Ас­­­­тана дарыны» орта­лығы эко­фестиваль ұйым­­­дас­тыр­ған болса, М.Дула­­­­тов атындағы №68 мектеп-гимна­­­­зиясында, Сервис және туризм колледжінде эколо­гия­­­­лық шеберлік сабақтары өткі­зілді. Мектеп қабырғасында мұға­лімдер балалармен бірге мек­теп аула­­­сында өсетін өсімдіктерден пай­­­далы көк­­­өніс салаттары мен дәруменді су­сын дайын­­­дады. Ал колледж оқы­тушылары мен сту­­­­­­­­­­­дент­­­тері пайдалы тағамдар дайын­дау жә­не қайталама шикізаттан сәндік компо­­­зи­­­ция­­­лар жасау дағ­ды­­ларын көрсетті. Астана қаласы Дін істері жөніндегі бас­­­қарма­­сының бастамасымен Дін­дерді зерт­­­­теу орталығы және «Ас­тана медресе» кол­­­леджінің сту­­­­­­­­дент­­­тері «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы аума­ғында сен­­­білік өткізді. Оған 60-қа жуық адам қатысты. Мото­мау­сымның ашылу салтанатына сәйкес экоакцияға бай­­керлер де қатысты. Үкіметтік емес және жас­­­­­­­тар ұйымдарының өкілдері, мем­лекеттік, құқық қор­ғау орган­­дарының қызмет­керлері және тағы басқалар «Есірт­кісіз қала» жоба­­­сын жүзеге асырып, граф­фити жазу­ларды өші­­­­­ріп, қала таза­­лы­­­ғына үлес қосты. Ал 18 ма­­­­мыр күні 2 000-нан астам әуесқой спорт­­­­шы Run for Autism қайырым­дылық жары­­сына қатысып, арты­нан сенбілік жаса­­ды. Оның сыр­тында Са­ры­арқа ауданы­ның әкім­дігі қол­ға алған «Бөтел­ке­лерді жинап, кофе ал» ат­ты ерекше ак­циясын да атай өтуге болады.

Таяудан бастап «Таза Қазақ­стан» ауқым­­­ды экоакциясы аясына «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы да ат­салыса бастады. Алғашқы іс-­шараға қозғалыстың 100-ге жуық жауын­­гері қатысты. «Жасыл ел» жобасы аясында елор­дада биыл 14-35 жас аралығындағы 4 200-ден ас­там жастар жұмыспен қамты­латын болады. Олар қаламыздың құ­рылыс нысан­дарында, қала ма­ңындағы «Жасыл белдеуде», әлеу­меттік ны­сандардың, жалпы білім беру ме­кемелері мен қалалық саябақ­тар­дың аумағында жұмыс істейді.

Нұрлан ҚОСАЙ