Іздеуге шыққандар орманнан Фариданың заттарын тапқан, көп ұзамай іші үлкейіп, тойып жатқан питонды көрген.
Жоғалып кеткен 50 жастағы әйел жыланның ішінен табылды
Фото: istockphoto.com
1,866
оқылды

Индонезияда жоғалып кеткен әйелдің денесі бес метрлік питонның ішінен табылды. Bild басылымы жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Төрт баланың анасы, 50 жастағы Фарида өзінің Калемпанг ауылынан көрші ауылға азық-түлік сатуға кеткен. Алайда сол кеткеннен қайтып оралмаған. Оны уайымдаған күйеуі көршілерімен бірге іздей бастады. Іздеуге шыққандар орманнан Фариданың заттарын тапқан, көп ұзамай іші үлкейіп, тойып жатқан питонды көрген.

Питонның іші жарылғанда Фариданың денесі шыққан. Ауыл басшысының айтуынша, питон әйелді жұтпас бұрын оны шағып, тұншықтырып өлтірген.

«Оны жалғыз жібермеуім керек еді. Өзімді ешқашан кешірмеймін», - деді Фариданың күйеуі Нони.

Питондар негізінен ұсақ жануарлармен, құстармен қоректенеді. Бірақ Индонезияда адамдар да олардың құрбанына айналған оқиғалар болып жатады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.