Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қуанышбек Есекеев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: tengrinews.kz
525
оқылды

Қуанышбек Есекеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Қуанышбек Есекеев 1975 жылы 10 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.

2001 – 2002 жылдары Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының менеджмент мамандығында оқыды.

«Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.

2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.

2004 жылғы 13 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.

2010 жылдан – «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.