Бұл жұмысқа 300-дей адам жұмылды.
Алматыда белсенділер бір мезгілде 1 гектарға жуық 7 учаскені ретке келтірді
785
оқылды

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Партияның 12 мың мүшесі мен «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты.

Партия мүшелері өзен жағалаулары, орман алқаптары, өндірістік аймақтар және жол бойындағы аумақтарды қамтитын 475 учаскені айқындады. 

Атап айтқанда, Алматыда бір мезгілде 300-ден астам белсенділер мен партияластар жалпы ауданы 1 гектарға жуық 7 учаскені ретке келтірді.

Алатау ауданында – Мөңке би көшесінің бойында;

Орталық ауданда – Тілендиев, Лихачев көшелерінің бойында;

Бостандық ауданында – Алма-Арасан көшесінің бойында; 

Жетісу ауданында – Қазыбаев көшесіндегі Құрғақ алқапта; 

Медеу ауданында – Думан ықшам ауданындағы Қарқаралы көшесі бойында;

Наурызбай ауданында – Қилыбай Медеубеков көшесінің бойында;

Түрксіб ауданында – Баум тоғайы аумағында.