Жәрдемақы мөлшері қысқара ма? – Еңбек министрінің жауабы
Жәрдемақы мөлшері қысқара ма? –  Еңбек министрінің жауабы
Фото: Интернеттен алынды
198
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «әлеуметтік төлемдердің мөлшері алдағы уақытта қысқаруы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, – деп жазады «ҚазАқпарат».
«Әлеуметтік міндеттемелерін Үкімет толық көлемде орындайтын болады, оған 3,4 триллион теңге қарастырылған. БАҚ тарапынан «әлеуметтік төлемдер келесі жылы, одан арғы жылы да қысқаруы мүмкін бе?» деп сұрақ қойып жатыр. Әлеуметтік төлемдер ешқашан қысқармайды. Бұл – бүгінгі Премьер-министрдің тапсырмасы және 10 жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі әлеуметтік саясаттағы негізгі ұстанымдардың бірі. Қайта қосымша, егер алдағы уақытта инфляция деңгейі өссе, төлемдердің мөлшерін арттыру қарастырылатын болады», – деді Біржан Нұрымбетов.
Біз бұған дейін «Доллар өссе, зейнетақы мен жәрдемақы да көбейеді» деп жазған болатынбыз.